Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Алматының самокаттары қайда кетті?

Алматыда 9 мыңнан астам самокат тәркіленді. Тәртіп сақшылары олардың шоғырланған тұрағын көрсетті. Қазір электрлі құрылғымен қалада құйғытып жүретіндер азайған. Оған 1 шілдеде енгізілген жаңа талап әсер етіпті. Өйткені самокатты тізгіндеу, тұраққа қою тәртібі қатаңдап, кикшеринг компанияларға қатысты жауапкершілік күшейген. Ал заңды елемей, алып-ұшып жүрген тізгіншілердің техникасы айып тұрағына қойылыпты. Тіпті қалалықтардың өзі кептелісте сарылып тұрса да, екі аяқты көлікке иек артпайды екен. Айта кетейік, ережеге сай электрлі құрылғыларда тіркеу нөмірі болуы тиіс. Сондай-ақ тек жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана пайдалана алады.

← Барлық жаңалықтар