Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 11 қаралым

«Отбасы банктегі» ақшаны БЖЗҚ-ға қайтармайсыз

Зейнетақы жинағын шешіп алып, «Отбасы банктегі» депозитке салғандар үшін жағымды жаңалық. Енді сонда жатқан қаржыны шексіз мерзімге сақтап, орайы келгенде баспана сатып алуға болады. Бұған дейін қазақстандықтар ол ақшаны алты жыл ішінде үйге жұмсауы тиіс болатын. Енді бұл шектеу алынып тасталды. Яғни, белгіленген уақыт өтсе де, жинақ қорға автоматты түрде кері қайтарылмайды, депозитте сақтала береді. Дегенмен ипотека рәсімдеуді тым ұзаққа созбаған жөн. Себебі бұл қаражатты баспана сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде тиімді пайдалануға болады. Айта кетейін, тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндерге мұндай мүмкіндік 2021 жылдан бастап берілген еді.

НАЗЕРКЕ ҒАЛЫМ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда алты жыл уақыт өте шығыпты. Бұрынғы нұсқаулық бойынша, азаматтар ипотека рәсімдемеген жағдайда, біздегі депозиттерінің қаражаты БЖЗҚ-ға қайтатын сондай ереже болған. Енді нұсқаулықтарға өзгеріс енгізілгеніне байланысты қазақстандықтарға керемет жаңалығымыз бар. Енді ол ақша 6 жыл өтсе де ешқайда қайтпайды. Ипотека рәсімдегенше Отбасы банкіндегі депозитте қала береді.

Назерке Ғалымның сөзінше, депозиттегі бұл қаражатты бір рет өзге адамның атына аударуға рұқсат етіледі. Ал оны баспанаға жұмсамаймын дейтіндерге қайтадан қорға аударып тастауына да тосқауыл жоқ.

← Барлық жаңалықтар