Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Сақтансаң – үйді де сақтайды

Елімізде тұрғын үйді міндетті сақтандыру талабы енгізілмек.

Баспананы табиғи апаттан қорғауды көздейтін заң жобасы қоғам талқысына шығарылды. Бастама жер сілкінісі, су тасқыны мен орман өрті қаупі жоғары аймақтарға қатысты. Нақты қай өңірлер екенін Үкімет арнайы тізіммен бекітеді. Ереже бойынша, сақтандыру полисі электронды түрде бір жылға рәсімделеді. Оның жылдық құны мүлік салығы мен қауіп деңгейіне байланысты 2 мыңнан 21 мың теңгеге дейін бармақ. Егер баспана толық қираса, 10 миллион теңгеден астам, ал ішінара зақымдалса, 5,5 миллион теңгеге дейін өтемақы төленеді. Ескеретін жайт: бұл сома тек үйдің өзіне ғана тиесілі, ішіндегі жиһаз бен техника есепке алынбайды. Қолдау қаржысы сақтандыру расталған соң 5 жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс. Заң жобасын қоғамдық талқылау 7 қазанға дейін жалғасады.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Барлық жаңалықтар