Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Тасымалдаушылардың қашпа жолы жабылды

Айласы көптің амалы көп.

Жетісуда кейбір жүк көліктерінің жүргізушілері автоматты бақылау нүктесін айналып өтетін із салып алып, тайраңдап жүрген. «Сарыөзек – Көктал» жолының бір бөлігінде тасымалдаушылар көзге түспей, үн-түнсіз қатынап келіпті. Бірақ бұл құйтырқылықтары ұзаққа бармады. Құзырлы органдар әлгі құпия бағытты анықтап, арнайы техникамен түгел жауып тастады. Енді мобильді өлшеу кешендерінің санын артпақ. Сондай-ақ Қонаев қаласына кіреберісте автоматтандырылған бақылау жүйесін орнату мәселесі де қаралып жатыр.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар