Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Бір үйге көп адам тіркей алмайсыз

Алматыда енді бір үйге көп адамды тіркеуге болмайды.

Қалада тұрақты тіркеуге тұрудың жаңа лимиті бекітілді. Мәслихат депутаттарының шешімімен әр адамға кемінде 15 шаршы метр аумақ тиесілі болуы шарт. Жауаптылар бұл қадам әр аудандағы халықтың нақты санын анықтауға көмектеседі дейді. Ал нақты есеп мектеп, балабақша және емханалардың жүктемесін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді екен. Бұл ереже үй иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысты емес. Яғни оның отбасындағы адамдар көп болып, баспана аумағы жетпей жатса да, ет жақындарын тіркей алады.

Гүлназия Мейірханқызы

← Барлық жаңалықтар