Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 7 қаралым

Темір жол бойында бала адасып жүр

Жетісу облысында темір жол бойынан 4 жасар бала табылды. Тау етегінде адасқан бүлдіршінге машинист тағдырдың төтенше сыйындай тап болған. Тау арасы – Айнабұлақ жолында жүк пойызымен жүйткіп келе жатқан жүргізуші станцияға бағытталған баланы байқапты. 38 шақырым жылдамдықпен келе жатып, дереу тежегішті тартқан. Тұлымдының жанына барып, бауырына алып, локомотив кабинасына мінгізіпті. Кейін ата-анасымен байланысып, Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырған.

← Барлық жаңалықтар