Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 5 қаралым

Жалған мүгедектік рәсімдеп, жәрдемақы алған

Елімізде 167 адам жалған мүгедектік рәсімдеп, жәрдемақы алып келген. Пысықайлар дәрігерлермен ауыз жаласып, құжат жүзінде денсаулығында кінәраты бар азамат ретінде тіркеліп, бар істі тындырған. Қазір күмәнді деректер әшкереленіп, құқық қорғау органдарына жолданыпты. Енді бұл олқылықтарға тосқауыл қойылмақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік көмекті нақты мұқтаж жандарға бағыттайтын жаңа тәртіп әзірлеп жатыр. Яғни жасанды интеллектінің арқасында барлық азаматтардың жеке мәліметтері назарда болып, құйтырқы әрекеттерге жол берілмейді. Айта кетейік, 1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттарындағы өзгерістер халыққа SMS, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы хабарланады.

← Барлық жаңалықтар