Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 16 қаралым

Астанада веломаусым аяқталды

Астанада велосипедпен жүретіндер азаяды. Өйткені 1 қазаннан бастап қос дөңгелекті көлікті жалға беретіндер маусымды аяқтамақ. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Барлық станциядағы велосипедтер 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні сағат түнгі он екіде бұғатталады. Ал абоненттік төлемдер келесі маусымға сақталмайды екен. Тек теңгерімдегі қаржыңыз 2027 жылға ауыстырылады. Сондай-ақ баланстағы бар ақшаңызды қайтарып алуға мүмкіндік бар.

← Барлық жаңалықтар