Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 15 қаралым

Бүлдіршіндер өнерімен қарияларды жылатты

Балабақша бүлдіршіндері ата-әжелерді қуантты. Алматыда тәрбие ордасының кішкентайлары қарттар үйіне барып өнер көрсетіп, тәттілер таратып, ондағы қариялардың көңілдерін бір көтеріп тастады.

ГҮЛАЙЫМ ЖҰМАБАЕВА, №192 БАЛАБАҚШАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бірінші қазақ қарттар күні ғой. Сондықтан қарттар үйіндегі аталарымыз, апаларымыз қуанса екен деп, бөбектеріміздің әнін, биін, ән шашуларын алып келіп отырмыз. Осы балапандарымыз ата-апаларын қуантсын, ата-апаларына ізгі ниетпен кішкене жылу сыйласын деген мақсатпен келіп отырмыз.

Алматыда ашылғанына үш ай ғана болған балабақша ұжымы игі іс-шараны қарттар үйіне барудан бастапты. «Игі істер марафоны» республикалық жобасы аясында қыркүйектің 21 мен 28 аралығында «Мейірімділік апталығы» өтеді. Немере, шөберелерін сағынған қариялар бүлдіршіндерді көріп, көздеріне еріксіз жас алды.

ҚАРТТАР ҮЙІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Очень-очень, я слезы не могу от радости, что у нас такие дети. Спасибо вам большое.

← Барлық жаңалықтар