Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Жер беру тәртібі өзгереді

Елімізде 2022 жылдан бері 16 млн гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылыпты. Оның ішінде игерілмей жатқан, заң талаптарын бұза отырып берілген алқаптар бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Енді мұндай олқылыққа жол бермеу үшін талап күшеймек. 2027 жылдан бастап жерді электронды конкурс арқылы беру тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйенің қаншалықты тиімді екенін алдын ала тексеру үшін Ақмола мен Жетісу облыстарында пилоттық жоба іске қосылады.

МҰРАТ ТЕМІРЖАНОВ, ҚР АШМ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Пилоттық жоба техникалық тестілеу форматында өткізіліп, жаңа жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін толық пысықтауға және заң нормалары күшіне енгенге дейін оның жұмысқа дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Аталған пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Бас прокуратурасының қолдауымен жүзеге асырылатын болады.

← Барлық жаңалықтар