Маңғыстауда суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды. Тәулік бойы тыным таппаған сүңгуірлер таңғы сағат тоғыздар шамасында марқұмдардың мүрделерін су бетіне алып шыққан. Олардың із-түзсіз жоғалған сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлы екені анықталды. Жалпы іздеу-құтқару операциясына 300-ге жуық әскери қызметші, 40 шақты сүңгуір, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылған. Өкінішке қарай, 14 әскери қызметші жаттығамыз деп жер жастанды.