Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 3 қаралым

Үкіметтік комиссия тергеу мұқият жүргізілетінін айтты

Қарт Каспидегі трагедиядан кейін көптің көкейінде «оқу-жаттығу жұмыстары қалай ұйымдастырылды, күн райы күрт бұзылған сәтте қандай шаралар қабылданды, іс бұрмаланып кетпей ме?» деген сан сауал сайрап тұрғаны рас. Бірақ Үкімет жанынан құрылған арнайы комиссия «тергеу нәтижелері мен ресми ақпараттың бәрі халыққа уақытылы жеткізіледі» деп уәде етті. Боздақтарынан айырылып, шер жұтқан әр шаңыраққа жан-жақты қолдау көрсетілетінін де айтты.

ЕРБОЛ ІЗБЕРГЕНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ ӨКІЛІ:

Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауда. Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда.

← Барлық жаңалықтар