Елдің қабырғасын қайыстырған оқиғаға байланысты танымал тұлғалар марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып жатыр. Олардың арасында Димаш Құдайберген де бар. Әйгілі әнші қыршын кеткен сарбаздармен жан тебірентерлік қоштасу хатын жариялады. Димаш көз жұмған 18-19 жастағы інілерін қимай, айтуға сөз таба алмай отырғанын желідегі парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ енді ешбір ата-ана баласының артында жоқтап қалмауын, мұндай қасіреттер қайталанбауын тіледі. Айта кету керек, қыршын кеткен жауынгерлердің қазасынан кейін Ақтауда алдағы үш күнге жоспарланған мерекелік шаралар өтпейтін болды.