Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Бір мезетте бес көлік өртенді

Астанада бір мезетте бес көлік өртеніп, түгі қалмай жанып кетті. Тұрғын үй кешенінің жанында тұрған машинаның бірінен от шығып, қатты желдің әсерінен жалын айналадағы темір тұлпарларға тараған. Қазір мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтап жатыр. Оқыс оқиғаның қалай болғанын жәбірленушінің туысы айтып берді.

ҚЫМБАТ НҰРБЕКҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Осы машинадан басталды. Автозаводпен от алдырғаннан кейін басқа машинаға таралған. Менің бажам зардап шеккен. Осы машинасын құтқармақшы болған. Өртпен күйік шалған. Ауруханада жатыр.

← Барлық жаңалықтар