Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Оқушы жүріп келе жатқан көліктен құлап түсті

Жазым деген — аяқ астынан! Көкшетауда жүріп бара жатқан көліктен бала құлап кетті. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жүргізуші мектептің тұрағына жақындаған сәтте сыртқа асыққан оқушы есікті ашып, жолдың жиегіне домалап түскен. Тексеру кезінде баланың жасына сай арнайы қауіпсіздік құралының болмағаны анықталды. Көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қатаң ескерту алды.

← Барлық жаңалықтар