Астанада қарттар арасында ауданаралық спартакиада өтті.
Шараға қаланың алты ауданынан 50-ге жуық тұрғын қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынады. Қатысушылар өзара мықтыны анықтап қана қоймай, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Егде жастағы азаматтар салауатты өмір салтын ұстанып, қимыл-қозғалыстың маңызын тағы бір дәлелдеді.
Ұйымдастырушылар аға буынның бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасап, спортқа деген қызығушылығын арттыруды басты мақсат санайды.
Кенжеболат Бапишев, Ұйымдастырушы:
Келешекте біздің алға қойған мақсатымыз — ұмытылып қалған қазақ ойындарын жандандырып, соларды енгізу. Бүгін алты ауданның спортшылары қатысып жатыр. Соларға сәттілік тілеп, ең бастысы, белсенді болуына және әдемі, ұзақ өмір сүруіне арналған іс-шара өткізіп отырмыз.
Рамазан Палмағанбет