Мазмұнға өту
· 20 қаралым

Батыс Қазақстанда 45 мыңнан астам киік ауланды

Батыс Қазақстанда 45 мыңнан астам киік ауланды.

Жануарлар түнде атылмайды. Ақбөкеннің санын реттеу жұмыстары арнайы қоршауға қамап ұстау әдісімен жүргізіліп жатыр. Негізгі жұмыс Казталов және Жаңақала аудандарында ұйымдастырылған.

Жауапты инспекцияның мәліметінше, киік етін өңірдегі 12 кәсіпорын қабылдайды. Қазір ол облыс орталығы Орал қаласы мен бірнеше елді мекенде сатылымға шығарылған. Алайда жергілікті кәсіпкерлердің бұл өнімге қызығушылығы әзірге төмен. Көктемгі санақ бойынша өңірдегі киік саны екі миллионнан асқан.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар