Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Перизат Қайраттың туыстары үйді заңды жолмен алған

Болжам расталмады. Алаяқтық үшін сотталған Перизат Қайраттың туыстарына қатысты телеграм арналардың бірінде қауесет тараған еді. Ол жерде айыпталушының жымқырған ақшасына жақындарының Дубайдан қымбат пәтер сатып алғаны айтылған-тұғын. Осыдан соң Қаржылық мониторинг агенттігі тексеріс жүргізіп, Перизат Қайраттың қалтаға басқан ақшаны заңдастыру үшін жасаған барлық қаржылық операциясын майшаммен қарап шығыпты. Тексеру кезінде аталған баспананың 2011-2019 жылдары сатып алынғаны анықталған. Әрі бұл уақыт «Біз біргеміз» қоры әлі құрылмаған және бойжеткен қылмыстық әрекетке кіріспеген кез екен. Оның үстіне туыстарының жылжымайтын мүлік саудасымен айналысып жүргеніне 20 жылдан асыпты.

← Барлық жаңалықтар