Мазмұнға өту
· 17 қаралым

Интернет-алаяқтық 40 пайызға азайды

Елімізде соңғы үш жылда кибералаяқтық 40 пайызға азайып, қылмыстың ашылу көрсеткіші 30 пайызға өскен.

Ұлттық банктің Антифрод-орталығы күдік тудырған 117 миллиард теңгеден астам аударымды бұғаттаған. Ал жәбірленушілерге 5,9 миллиард теңге өтелді. Бүгінде жеке деректерді қорғау Ата заң деңгейінде бекітіліп, маңызды дерекқорларға қол жеткізу үшін биометриялық сәйкестендіру енгізілді.

Енді азаматтар eGov Mobile қосымшасындағы «Стопкредит» секілді тегін сервисті пайдалана алады. Мамандар бөгде адамға SMS-код пен құпиясөзді бермеуге, күмәнді сілтемелерді ашпауға және екі деңгейлі аутентификацияны қосуға кеңес береді.

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:

ЖИ, дипфейк және дауысты алмастыру технологияларын қолданатын алаяқтықтың жаңа тәсілдерінің пайда болуына байланысты Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың цифрлық құралдарын жетілдіруді жалғастыруда. Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Ішкі істер министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі болып қала береді.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар