Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Ауызсуға зәру халық жолды жапты

Алатау бөктерінде, керісінше, жолды жұртшылықтың өзі жауып жатыр. Осылайша ауыл халқы жергілікті билікке өздерінің бар екенін, тірі екенін жеткізбек. Өйткені тұрғындар талай жылдан бері тұщы судың зардабын тартуда. Зардап дегенде су таза емес деп ойламаңыздар. Су жоқ. Атымен жоқ. Бау-бақшаны суару туралы айтпай-ақ қояйын. Ұзақ жылдан бергі түйткіл тура карантин кезінде түйінделе түскен. Жетісудің төрінде отырып, шөлдеген елмен тілшіміз кездесіп келді.

← Барлық жаңалықтар