Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Карантиннен кейінгі кәсіп

Көтере алмайтын шоқпарды кәсіпкерлердің беліне байламаңыздар! Бизнесті қолдау орталығының мамандары мемлекет тарапынан бөлінген миллиардтар шағын және орта бизнестің қолына жетпейді деген пікір білдірді. Өткені шарт бойынша кәсіп иелері кемі 50 миллион теңге несие алу керек. Кемі. Ал, қарашаның қатарындағы бірлі-екілі адамды жұмыспен қамтып отырған және табысы 6 емес, 3-4 нөлмен ғана өлшенетін шағын шаруалар қайда қалады? 50 млн-ды алып, оны игермек түгілі ондай соманы түсінде көрмеген адамдарды үкімет шынымен менсінбеді ме?

← Барлық жаңалықтар