Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Кембағал балаларды аяусыз сабаған

Астанадағы балаларды оңалту орталығындағы сорақылық. Мекеме қызметкері ақыл-ойы кеш дамыған бүлдіршіндерге көмектесудің орнына, оларды аяусыз ұрып-соққан. Тәрбиеші көмекшісінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Безбүйрек жан жылаған баланы жұбатудың орнына, басынан аяқ киіммен әбден төмпештеген. Қоғамның ашу-ызасын туғызған бұл бейнежазбадан кейін құзырлы органдар шұғыл іске кірісті. Полицейлер бірден қылмыстық іс қозғап, тергеу жүріп жатыр.

ЗУХРА РЫСКАЛИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаның 2025 жылғы қазан айында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері түзету бағытындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар