Біз біргеміз! Елдегі төтенше жағдай осындай ұранмен басталғаны естеріңізде болар. Бір қуантарлығы, қарапайым халық ауызбіршілігін қолдан келгенше дәлелдеуде. Әуелде тегін бетперде таратты, кейіннен жұдырықтай жұмылып, барымен бөлісті. Жоқ-жітікті ас-ауқаттан тарықтырған жоқ. Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарды да моральдық һәм материалдық тұрғыда демеп келеді.