Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Полициядан қашамын деп қаза тапты

Қостанайда полициядан қашқан жүргізуші қаза болды.

Шетелдік көлікті тізгіндеген ер адам жол ережесін өрескел бұзып, тәртіп сақшыларының «тоқта» деген пәрменін тыңдамай қаша жөнелген. Полицейлер соңына түскен кезде жылдамдығын тіпті үдеткен.

Қалайда қолға түспеуді көздеген ол бағдаршамның қызыл түсіне өткен кезде автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Ал түрлі жарақат алған жанындағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Айдарбек Әлсейітов, қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі: «Автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар