Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Алматыда жүк көлігі аялдаманы қиратты

Алматыда жүк көлігі аялдаманы қиратып, адамдарды жаншып кетуге сәл қалды.

Оқиға Жароков пен Левитан көшелерінің қиылысында болған. Алайда жүк көлігінің апатқа кінәсі жоқ секілді. Ол жол бойындағы жөндеу жұмыстарын көріп, жылдамдығын бәсеңдеткен. Сол сәтте құйғытып келе жатқан кроссовер тоқтай алмай, артынан түйген.

Қатты соққыдан жүк көлігі көше шамының бағанын түбімен жұлып, ағашқа соғылып әрең тоқтаған. Абырой болғанда, аялдамада тұрған адамдар апатты аңдап, шетке қарай ығысып үлгеріпті. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Алматы қалалық полиция департаменті: «Бүгін сағат 10:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Dongfeng автокөлігінің жүргізушісін жедел медициналық жәрдем бригадасы тексеріп, әрі қарай медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізді. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тиісті шараларды жүргізді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр».

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар