Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Жүргізуші куәлігі сатылмайды!

Заңнан аттап, көлік тізгіндеудің төте жолын іздегендер енді куәліктен күдерін үзсе болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жаппай жолын кесіп жатыр. Соңғы жылдары қызмет көрсету рәсімдері жетілдіріліп, ішкі бақылау мен ашықтық тетіктері күшейтілген.

Мәселен, жыл басынан бері осындай 1 055 заңбұзушылық анықталған. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 59,5 пайызға аз. Ведомствоның хабарлауынша, БАҚ-та жарияланған барлық заңбұзушылық фактісін Мемлекеттік корпорацияның өзі анықтап, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарламасынан: «Осы материалдардың негізінде қылмыстық істер қозғалды. Сондай-ақ тергеу барысында Мемлекеттік корпорация барынша қажетті көмек көрсетті. Жарияланымда көрсетілген мән-жайлар мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жекелеген процестерінде осал тұстар болған уақытта, яғни өткен кезеңдерге қатысты екенін атап өткен жөн».

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар