Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Қолжетімді баға, берекелі сауда

Мерекеге орай елімізде Republic Day және Bereke Fest акциялары жүріп жатыр.

Оның аясында қалаған тауарыңызды 29-дан 50 пайызға дейінгі жеңілдікпен ала аласыз. Сауда және интеграция министрлігі өңірлердегі бағаға талдау жасап, үнемдеу мөлшерін есептеп берді.

Мәселен, Астанада күнбағыс майы, макарон мен 30 дана жұмыртқадан тұратын азық-түлік жиынтығының бағасы 3 982 теңгеден 2 837 теңгеге дейін төмендеп, тұтынушылар 1 145 теңге үнемдей алды. Ал тұрмыстық химия өнімдерін 36 пайызға дейін арзан алуға мүмкіндік бар.

Алматыда күзгі киімдер жиынтығының бағасы 119 950 теңгеден 74 700 теңгеге түсіп, 45 мың теңгеге арзандапты. Қарағандыда да киім-кешек, тұрмыстық техника мен құрылыс материалдарына тиімді баға қарастырылған.

Алмагүл Қарымбаева, супермаркеттің аға әкімшісі: «Біздің супермаркетте жеңілдік науқанына 100-ден астам тауар түрі қатысып отыр. Жеңілдіктер 10-нан 40 пайызға дейін жетеді. Тұрмыстық химия өнімдерінен, тоқыма бұйымдары мен шұлық-ұйық өнімдерінен бастап, азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың әртүрлі түрлері қамтылған. Сондай-ақ сусындарға да жеңілдіктер қарастырылған».

27 қазанға дейін жалғасатын акцияға еліміз бойынша 232 сауда орталығы мен 417 сауда желісі қатысып жатыр.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар