Алматы төрінде аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамбліне арналған ерекше арт-инсталляция пайда болды.
Сәулет туындысы қаланың қақ ортасында, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің маңына қойылды. Металдан соғылған мүсін ұжым мүшелерінің жиынтық бейнесін көз алдыңызға әкеледі. Биіктігі — 1,8 метр, ені — 3,5 метр.
Оның басты ерекшелігі — ішіне арнайы аудиожүйе орнатылған. Кез келген тұрғын немесе қала қонағы батырманы басып, топтың жұртқа танымал хит әндерін тыңдай алады. Осылайша аға буынның сүйікті әуендері жас ұрпаққа бұрынғыдан да жақын бола түсті.
Ұлан Тәліпбай