Мазмұнға өту
· 13 қаралым

«Тұмар – 2026» байқауының марапаттау рәсімі өтті

Бүгін «Тұмар» ұлттық сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. «Еуразия» Бірінші арнасының журналистері мен жүргізушілері бірден үш номинация бойынша шорт-листке енді. Әріптесіміз Вероника Вишневская «Жылдың үздік тележүргізушісі» атанды. Бұл марапаттың артында — журналистикадағы 14 жылдық еңбек, мыңдаған эфир, жүздеген тағдыр мен кадр сыртындағы орасан зор жұмыс жатыр. Вероника жаңалықтар саласында да, авторлық жобаларда да өнімді еңбек етіп жүр. Алты жылдан бері біздің команданың белді мүшесі. Студиядан бөлек, Қазақстан Президентінің пулында қызмет етіп, Мемлекет басшысының сапарларынан материалдар әзірлейді. Біз әріптесімізді осы жеңісімен құттықтаймыз! Бұдан бөлек, біздің тілшілер Қуат Құдайберген «Үздік телевизиялық материал», ал Рамазан Палмағанбет «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша алдыңғы төрттікке енді.

← Барлық жаңалықтар