Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Ескі шинадан — жаңа өнім

Шымкентте тозығы жеткен дөңгелектерді қайта өңдеп, жаңа өнім шығаруға мүмкіндік артты.

Қолдау алған кәсіпорын жаңғырту жұмыстарын аяқтап, жылдық өндіріс көлемін 6 мыңнан 10 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Мұнда ескі резеңкеден түйіршіктер дайындалып, кейін балалар ойын алаңдарына арналған жабындылар жасалады. Сондай-ақ резеңке-техникалық бұйымдар, оның ішінде тығыздағыштар шығарылады.

Қаржы 2024 жылдың қыркүйегінде бөлініп, қазіргі уақытта толық игерілген. Бұл — «Жасыл даму» қаржыландырған 30 жобаның бірі. Аталған жобаларға компания жалпы 116 миллиард теңгеге жуық қаражат бөліпті.

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар