Құзырлы органдардың тексерісінен шаршаған кәсіпкерлер бір жеңілдеп қалатын болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылдан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге тағы үш жылдық мораторий енгізуді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Үкімет пен Құрылтай депутаттары бірлесіп талқылауы керек екенін айтты. Президенттің сөзінше, 2020–2023 жылдар аралығында қолданылған шектеу тәжірибесі өзінің тиімділігін көрсеткен. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл қадам кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік қысымды азайтып, мемлекеттік бақылау жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Осы жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге салынатын айыппұл мөлшері 11%-ға артып, жоспардан тыс тексерулер де бірнеше есе көбейген көрінеді.