Елімізде 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының мөлшері 110 мың теңгеге өседі. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке осындай міндет жүктеді. Осылайша, алдағы жылы 1 миллион 800 мың отандасымыздың табысы артпақ. Олардың ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкер бар. Айта кетейін, қазіргі таңда біздегі төменгі жалақы – 85 мың. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән беретінін атап өтті. Осы тұста Президент еңбек өтіліне қарай учаскелік қызметкерлердің жалақысын 40 пайызға дейін көтеру жөнінде тапсырма берді. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.