Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Президент байларға салық көлемін арттыруды ұсынды

Елімізде дәулетті адамдарға салынатын салық мөлшері артуы мүмкін. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауқатты азаматтар үшін жоғарылатылған салық ставкасын енгізуді талқылайтын уақыт келгенін мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әр азамат ел дамуына шамасына сай әрі әділ үлес қосуы тиіс. Ал заңды жолмен тапқан дүние-мүлікке шектеу қойылмайды. Алдағы уақытта Үкімет пен Құрылтай осы мәселені толық зерделеп, нақты ұсыныстарын әзірлеуі керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы салық жүйесін толық цифрландырудың маңызына да тоқталып өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ешкімнің заңды жолмен тапқан активтеріне қандай да бір шектеу қою көзделіп отырмағанын баса айтамын. Бұл Конституцияның өзіне қайшы болар еді. Салық салудағы әділдік ашықтықты талап етеді. Демек, салық жүйесін толық цифрландыру қажет. Салық жинау тиімділігін арттыру, көлеңкелі экономиканы қысқарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жасанды интеллектіні қоса алғанда, озық технологияларды пайдалану керек.

← Барлық жаңалықтар