Дәулеті асып-тасығандардың салығы да салмақты болуы керек. Президенттің ауқатты азаматтар салықты көбірек төлеуі тиіс деген бастамасын ел-жұрт қолдап жатыр. Мәселен, Құрылтай депутаты Марат Башимовтың пайымынша, бұл қадам бюджет кірісін ұлғайтып, мемлекетке маңызды салаларды дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Яғни, әлеуметтік саланы қолдауға және халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалуы тиіс.
МАРАТ БАШИМОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Ол дамыған мемлекеттерді қарасаңыз, Еуропада бәрі солай ғой. Ал оның бәрі де төленген ақша әлеуметтік салаға қайта кетеді. Сол үшін Президент айтып кеткендей біз мынау прогрессивтік байып бара жатқан кісілерге саламыз дегені өте орынды. Өйткені ол сәйкес келеді біздің мына Әділетті Қазақстан принциптеріне.
Тағы бір сарапшының пікірі де осыған саяды. Нұрдәулет Нариманның айтуынша, табысын жасырып, салықтық міндеттемеден жалтаратын кейбір бай-бағландарға бақылауды күшейту қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы да осы мәселені реттеуге бағытталған. Өйткені әділдік бар жерде жауапкершілік те болары анық. Айта кетейін, бүгінгі Жолдауда Президент ауқатты азаматтар үшін жоғарылатылған салық ставкасын енгізуді талқылайтын уақыт келгенін мәлімдеді.
НҰРДӘУЛЕТ НАРИМАНОВ, БАС САРАПШЫ:
Бай адамдар өз табысын әрдайым ашық көрсете бермейді. Кейбірі нақты пайдасын жасыруы да мүмкін. Сондықтан Қазақстанда кімнің қанша табыс табатынын анықтап, салықты әділ есептеу маңызды. Бұл бағытта Үкімет пен Құрылтай депутаттарының атқаратын жұмысы көп. Ең бастысы, табысы жоғары адамдардың көбірек салық төлеу тәртібі ашық әрі түсінікті болуы керек. Менің ойымша, бұл мәселені асықпай, жан-жақты зерттеп, нақты тетіктерін мұқият әзірлеу қажет.