Мазмұнға өту
· 8 қаралым

Жолдарды жөндеуге 700 млн доллар тартылады

Тозығы жеткен жолдарды жөндеу мен жаңғыртуға 700 миллион доллар қаржы тартылмақ. Елдегі екінші деңгейлі үш ірі банк «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясымен келісімге қол қойды. Құжатқа сәйкес, қаражат жол инфрақұрылымын дамытуға және бұрын Қазақстанның Даму банкі қаржыландырған жобаларды жалғастыруға бағытталады. Жоба 2034 жылға дейін шақталған. Нәтижесінде бюджетке түсетін салмақ азайып, өңірлер арасындағы көлік байланысын жақсартуға серпін беріледі.

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл қаражат инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады. Бұл біз үшін үлкен қадам. Тек қана мемлекеттік, халықаралық қаржыны тарту емес, жекеменшік қаржыны да тарту мәселесін іске асырып жатырмыз. Бұл қаражат Президенттің тапсырмасына сәйкес жобаларға жұмсалады. Бұл үлкен көрсеткіш.

← Барлық жаңалықтар