Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Президент Салық кодексін өзгертуді тапсырды

Президент бүгінгі Жолдауында Үкіметке бизнес өкілдерінің арыз-шағымына құлақ асып, Салық кодексіне нақты өзгерістер енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысының сөзінше, жаңа заңның кейбір талаптары кәсіпкерлерге ауыр жүктеме болып отыр. Сондықтан фискалдық жүйе бизнесті бұғаттамай, керісінше инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болуға тиіс. «Жаңа заң қасиетті жазба емес» деген Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке заңнаманы шұғыл түрде қайта қарауды міндеттеді. Еске салсақ, биыл 1 қаңтарда күшіне енген кодекс бойынша қосылған құн салығы 12-ден 16 пайызға өсіп, ал міндетті тіркелу шегі 40 миллион теңгеге дейін төмендеген еді. Президенттің бұл ұсынысын Құрылтай депутаттары құптап отыр.

ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл жерде Салық кодексінің жаңағы әкімшілендіру мәселелерін жетілдіру керек. Цифрландыру керек. Салық тексерімдерін азайтып, болып жатқан қарым-қатынас, қаражаттың ауысып, цифрлық түрде мониторинг жүргізу керек емес. Бұл жерде цифрлық түрде қарап, барлығын салық органдары көз жеткізуі керек. Тексеріспен емес.

← Барлық жаңалықтар