Отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдар әзірлеген инфекцияға қарсы инактивацияланған вакцинаны тіркеді. Препаратты еліміздің БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген.