Елордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Байтұрсынов көшесінде болды. Қоғамдық көлік жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен қызды көріп қалып, тежегішті басқан. Алайда екпінмен келгендіктен соқтығысудан қашып құтыла алмаған. Кілт тоқтаған сәтте салондағы үш жолаушы да түрлі жарақат алыпты. Зардап шеккен азаматтардың барлығы бірден ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілді. Полицейлер бұл дерек бойынша іс қозғап, оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.