Алматыда ірі көлемде есірткі тасымалдаған 25 жастағы курьер қолға түсті. Тәртіп сақшылары қылмысты күдікті жалға алған көлікті тоқтатқан кезде ашқан.
Ішінде кристал және мефтер.
Темір тұлпарды тексеру барысында полицейлер салондағы сөмкеден ақ түсті ұнтақ салынған 30 түйіршікті тапты. Сөйтсе, бұл – бір келіден асатын «мефедрон» екен. Жедел уәкілдер мұнымен тоқтаған жоқ. Оның үйін тінту кезінде тағы бір келі есірткі мен салмағы 50 грамға жуық «гашиш» шыққан. Тергеу мәліметінше, ұсталған азамат интернет-дүкендердің бірінде курьер болып жұмыс істеген. Ол жасырын орындардың координаттарын мессенджер арқылы алып, тауарды жеткізгені үшін табыс тауып отырған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.