Жастар ұйымдарының өкілдері Президент Жолдауында көтерілген бастамаларды талқылады.
Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырған басқосуда қатысушылар цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға қатысты міндеттерге кеңірек тоқталды. Тәжірибелі сарапшылармен бір үстел басына жиналған жастар жаңа технологияларды азаматтық қоғамның игілігіне тиімді пайдалану жолдарын сөз етті.
Сондай-ақ цифрлық шешімдер арқылы қоғамдық бастамаларды қолдап, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланысты нығайтуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Ералы Нұрас, Қазақстан Азаматтық альянсының директоры: «Мемлекет басшысы Жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллектіні қалай қолдану керегін айтты. Бұл технологиялар азаматтарға қалай көмектесуі мүмкін, қандай пайда алып келуі мүмкін — осы мәселелер маңызды. Сол себепті Қазақстанның Азаматтық альянсы «Ұстаным» пікірталас клубының отырыстарын әрдайым өткізеді. Бүгінгі тақырып — цифрландыру мен жасанды интеллектінің азаматтық секторда қалай жұмыс істейтіні».
Ақбөпе Тәңірберген