Шымкенттік келіншек үшем босанды. Ал бұл отбасы үшін көпбалалы болу таңсық емес. Себебі 36 жастағы әйел бұған дейін екі мәрте егіздерді өмірге әкеліп, тағы үш рет бір-бірден сәби сүйген. Осылайша, олардың отбасындағы балалардың саны 10-ға жетіп отыр. Ал кесар тілігімен дүниеге келген нәрестелердің екеуі – қыз, біреуі – ұл бала. Олардың туғанда салмақтары аз болып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Содан бері дәрігерлердің жіті бақылауында болып, жағдайлары жақсарып, салмақ қосқаннан кейін үйге шығарылды. Анасы әу баста үшем болатынын естіген кезінде мүлдем сенбедім, дейді.
АЖАР ТАШҚАРАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Үшем босанамын деп ойлаған жоқпын, шынымды айтсам. Өзім УЗИ-де көрген кезде, естіген кезде таңқалдым, қуандым, жыладым. Аллаға шүкір, он баланың ата-анасы болу бақыты бұйырғанына. Үшеуі үш түрлі, ажырату оңай. Мүлдем ұқсамайды.