Алматының шенеуніктері автобустардың қозғалыс кестесіне түзету енгізді. Өйткені таңғы және кешкі қарбалас кезінде жолаушылар мүлдем қоғамдық көлікке де, метроға да сыймай жатыр. Бұл мегаполисте жыл сайын туристер мен студенттер санының артуымен байланысты. Шенділер тасымал құралын тәулік бойы бақылапты. Расымен, күнделікті желіге шығатын 3200 автобус тұрғындарға жетпей жатыр дейді. Сондықтан жолаушылар ағыны көп учаскелерде резервтік қатынас құралдары қатарға қосылмақ.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ЖАУАБЫ:
Басқарма маршруттардың жүктемесіне және қозғалыс интервалдарының сақталуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Қажет болған жағдайда қозғалыс кестелері жолаушылар ағынының нақты көрсеткіштеріне сәйкес қосымша түзетілетін болады.