Президент Жолдауда өңірлерде 70 медициналық нысан салынатынын айтты. Олар «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс» бағдарламасы аясында бой көтереді. Бұны қазақстандықтар қолдап отыр. Тұрғындар медициналық қызметтің одан сайын қолжетімді болатынына сенімді. Әрі мұны денсаулық сақтау саласындағы дер кезінде жасалған маңызды қадам деп есептейді. Осы орайда нысандар ұзақ жылдар бойы сапалы қызмет ететіндей мықты салынса екен деген тілектерін де жеткізді.
МАҚПАЛ БЕКЕНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Аймақтарға елуге жуық медициналық нысан салынатынын атап өтті. Ол дегеніміз мені ғана емес, жалпы Қазақстан тұрғындарын қуантады деп ойлаймын. Өйткені ауырып қалған жағдайда поликлиникаға барсақ, кезектің көптігі уақытымызды алады. Ал перзентханалардың көптігі уақытымызды үнемдейміз деп айта аламын.
АЛУА ТОҚТАМЫС, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Мен бұл ұсынысты қолдаймын, әрине, яғни әр ғимараттың әр деталі, сау салынғаны маңызды деп есептеймін. Қазір үлкен қала Алматыда өмір сүріп жатқаннан кейін бізде землятресение болып жатыр да. И жасалған дүниелер құлап қалып жатқан нәрселер бар. Сондықтан сапалы дүние жасау маңызды деп есептеймін.