Өтемақы түгелі жалақыға зар болдық. Павлодарда карантин кезінде жұмысқа шыққан қонақ үй қызметкерлері тиісті еңбекақыларын ала алмай отыр. Мейманханаға оқшауланған тәртіп сақшылары мен медицина мамандарына қызмет көрсеткендері үшін олардың бас-басына 100 мың теңгеден өтемақы уәде етіліпті. Алайда өтемақы түгілі тиісті жалақыларын да жарытып бермеген.