Мазмұнға өту
· 55 қаралым

Хакерлер «Binance» жүйесін бұзды

Хакерлер «Binance» криптобиржасынан 6 миллиард 300 миллион доллар жымқырған. Алдын ала болжам бойынша, киберқылмыскерлер компания инженерлерінің біріне тиесілі ноутбукті бұзған. Осылайша жүйеге кіріп, заңсыз транзакциялар жасаған. Дегенмен мамандар криптоәмияндардың құпия кілттері ұрланбағанын айтады.

«BINANCE» КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:

Binance барлық шығынды SAFU қоры мен компанияның өз қаражаты есебінен толық өтейді. Пайдаланушылардың ақшасына қауіп төніп тұрған жоқ. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталған соң, резервтеріміздің жаңартылған есебін жариялаймыз.

Кибершабуылдан кейін биржа ақша салу мен шығаруды уақытша шектеді. Сонымен қатар күдікті криптоәмияндардың рұқсаттары толық бұғатталды. Блокчейн-серіктестердің жедел әрекетінің арқасында ұрланған қаражаттың шамамен 3 миллиард доллары бұғатталып үлгерді. Компания өкілдері тергеу аяқталған бойда егжей-тегжейлі техникалық есеп жариялауға уәде беріп отыр.

← Барлық жаңалықтар