Мазмұнға өту
· 12 қаралым

«Сәлемді» отыз тілде айтатын саябақ

Ақтөбеге барып, «сәлем» деген сөзді әлемнің 30 тілінде қалай айтуға болатынын үйреніп қайтуға болады. Ол үшін Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан «Сәлем» саябағына соқсаңыз болғаны. Сол жерде жер шары пішіндес шар орнатыпты. Түнде жарық қосылғанда «сәлем» деген сөзді бірнеше тілде оқи аласыз. Бұл — мердігердің Ақтөбеге жасаған тартуы екен.

МУХАРРАМ БАЙЗАҚОВ, ТҰРҒЫН:

Балалардың ойнайтын жері жоқ. Ал бұл жер сонда бос тұрған алаң, қоқысқа толып тұрды. Қалаға бір сыйымыз болсын деп осы балаларға алаң дайындап берген. Өте әдемі, көрнекті сондай. Балалардың ойнайтын жері, таза, қауіпсіз осы жер. Мына тал егіп жатыр, кәдімгідей бақ болатын түрі бар.

ОТВОДКА: Кезінде бұл жер жекеменшік ескі-құсқы техника мен көліктердің тұрағы болған. Екі жыл бұрын қала әкімдігі мемлекеттің меншігіне қайтарып алыпты. Биыл демеушінің қолдауымен сол 7 мың шаршы метр аумақ адам танымастай өзгеріп, абаттандырылған. Құрылыс жұмыстары кезінде айналадағы көпқабатты үй тұрғындарының өтінішін де жерде қалдырмадық дейді мердігер компания өкілдері. Көлік қоюға ішінара орын бөліп, аумақтың көп бөлігін тынымбаққа айналдырған. Балаларға деп әткеншек, спорттық жабдықтар қойыпты. Бүгін аллеяға 60 түп ағаш отырғызды. Жасыл желектің суару жүйесі де қарастырылған.

АЗАМАТ БЕКЕТ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Қала бойынша жерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Биылдың өзінде қазір 125 жер қайтарылды. Ол 90 га құрайды. Әрине, ол әртүрлі жерлер. Оның ішінде бас жоспарға сәйкес келмейтін немесе игерілмеген жерлер бар. Ол жұмыстар жалғасын табады.

← Барлық жаңалықтар