Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Табиғаты тұмса өңірлерге ұшақ ұшады

Елдегі көрсе көз тоймайтын көрікті мекендерге бару үшін енді сағаттап жол жүрмей-ақ, ұшып жетуге болады. Келер жылдан бастап туристерді тамсандыратын Зайсан, Катонқарағай мен Кендірліге ұшақ шығарылмақ. Қазір аталған үш өңірде әуежай құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Кейбірі 2026 жылдың соңына дейін және 2027 жылдың ақпанына қарай аяқталмақ. Қажетті құжаттар рәсімделіп, лицензия алған соң, келесі жылдың алғашқы жартысында жолаушыларды қабылдап, алғашқы рейстер шығады.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл әуежайлардың құрылысы 2024 жылы басталды. Зайсандағы әуежайдың құны шамамен 68 млрд теңге, Кендірлідегі әуежай 69 млрд теңге, ал Катонқарағайдағы әуежай 89 млрд теңге тұрады. Мен үш әуежайдың да құрылыс алаңдарына жеке барып, жұмыс барысымен таныстым. Маусым айында тиісті тапсырмалар бердік. Қазір әкімдер де құрылыс жұмыстарын күнделікті бақылауда ұстап отыр.

← Барлық жаңалықтар