Мазмұнға өту
· 26 қаралым

Құрылтай депутаттары Ақмола облысының халқымен кездесті

Жолдаудағы басты міндеттер өңірлерде қалай жүзеге асырылмақ? Құрылтай депутаттары Ақмола облысының тұрғындарымен кездесіп, ел дамуының басым бағыттарын жан-жақты талқылады. Халық қалаулылары жиналған көпшілікке Президент ұсынған тұжырымдаманың басым бағыттарын атап, жұртшылықтың талап-тілегін тыңдады. Білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым сынды мәселелер кеңінен талқыланды. ЖСДП партиясының өкілдері әсіресе келер жылды жалпыхалықтық құрылыс жылы дегенге ерекше тоқталып, бұл бастама өз кезегінде аймақтардың дамуына септігін тигізетінін жеткізді.

АСХАТ РАХЫМЖАНОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, ЖСДП ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Халықтың басым көпшілігі Жолдаудың бағыт-бағдарымен таныс және де өздерінің оң көзқарастарын білдіріп жатыр. Бастамаларды ел азаматтарына жан-жақты түсіндіруге тырыстық. Президент айтып өткендей, мықты ел болу үшін – ауыл-аймақ, қалаларымызда да жағдай жасалуы қажет. Сәйкесінше, отандастарымыздың да әл-ауқаты жақсарады. Осы ретте «Халық құрылысының» маңызы зор.

Жаңа нысандарды салу кезінде құрылыстың сапасы мен жобаның уақытылы аяқталуы басты назарда болуы керек. Сондай-ақ әр өңірдің қажеттілігін ескерген жөн. Осы тұста жиынға жиналғандар қабылданған шешімдер қағаз жүзінде қалып кетпей, халықтың өмірінен көрініс табуы тиіс дегенді алға тартты. Өйткені алдағы уақытта жұмыстың қалай атқарылғанына халық өз бағасын береді.

← Барлық жаңалықтар