Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Атырауда ұрылар қаптады

Атырау қаласының іргесіндегі Қайнар шағын ауданында ұрылар қаптап кеткен. Жергілікті тұрғындар мұны жарықтың жоқтығымен байланыстырады. Онымен қоса, мұнайдың үстінде отырған елді мекенде газ да жоқ. Айтуларынша, қараңғы түскенде қолының сұғанағы барлар кез келген затты үптеп кетуді әдетке айналдырып алған. Яғни, ауладағы құрал-сайман, түрлі жабдықтарды қоймайды екен. Тіпті жергілікті халық күдіктілерді өздері ұстап бергенімен, жазаланып жатқанын көрмедік дейді.

АМАЛБЕК ІЗБАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Маған арыз жазуға жол берген жоқ. Улик жоқ, таба алмаймыз анау-мынау деп. –Қай жақтың полицейлері арыз қабылдамаған? – Балықшы РОВД полициялары Екінші жағдай кешегі оқиға ғой. Онда да осы жерге бәрін шақырдық. Осы жерде арыз алуы керек ғой. Көршілер бар болған оқиғаны көріп тұр. Ешқандай арыз алған жоқ.

Бұл аумаққа бірқатар отбасы баспана салып, қоныстанып үлгерген. Десе де, тұрғындар екі жылға жуық уақыттан бері инженерлік желілердің жоқтығынан әбден мезі болған. Амалдары таусылғандар электр жарығының орнына генератор пайдалануға мәжбүр. Оның жарығы көмескі дейді. Жұрттың айтуынша, жауапты органдарға бірнеше рет өтініш жасағанымен, мәселе әлі шешімін таппаған.

РАШИД ҚУАНЫШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тамыз айында арыз жазылды ТП бойынша. Тергеу істері жүріп жатыр. Тамыздан бері біз отырмай бағанағыдай жарықтандыру несін қондырмай кеттік ғой. Көбін қондырып бастадық. Сонымен парареллно су, газ, свет балансқа ЖКХ беріліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар