Алматыда жолаушыны балағаттаған такси жүргізушісі қамалды.
Жанжалға көлік салонының былғануы себеп болыпты. Полицияның мәліметінше, таксимен келе жатқан келіншектің кішкентай баласы байқаусызда көлік ішін бүлдіріп алған.
Бұған ашуланған жүргізуші әйелді балағаттап, көліктен күштеп түсіріп тастаған. Одан қалды, көшеде де былапыт сөздер айтуын тоқтатпаған.
Тізгіншінің бұл әрекетін таспаға түсіріп алған жолаушы бірден тәртіп сақшыларына арызданып, көп ұзамай 53 жастағы ер адам ұсталып, ісі сотқа жолданды. Мамандандырылған соттың шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жеті тәулікке қамалды.
Ұлан Тәліпбай